Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сынауға тіптен құмар кім көрінген)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сынауға тіптен құмар кім көрінген) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сынауға тіптен құмар кім көрінген) на казахском языке


Сынауға тіптен құмар кім көрінген,
Әйтеуір кінә тауып бір жеріңнен.
Сырласып отырамын ондайда мен,
Мазасыз күндеріммен, түндеріммен.
Айтса айтсын айыбымды бетке қарып,
Қайтемін қаламымды кекке малып.
Арам шөптің орнына гүлді қырқып,
Әйтеуір жүргенім жоқ кетпен алып.
Басымнаң кемшіліктер өткені анық,
Несіне өкпелеймін көпке налып.
Ащы жырым құйылса өтке барып,
Ашырқанып, алайда, сөкпе, халық.
Шарам толы шаттығым, мұңымды айтпай,
Шау тартатын жәйім жоқ шетте қалып.
Өтсе,
Өтсін!
Басыма бақ бұйырмай.
Тіл кесілмей, тұрса екен жақ қиылмай.
Енді менің күнелтер жағдайым жоқ,
Шығыршықта айналған ақ тиындай.
Әйтеуір кінә тауып бір жеріңнен,
Сынауға тіптен қүмар кім көрінген.
Бірақ та,
Білесің бе, ей, кім көрінген,
Айтсын деп ақиқатты тіл берілген!!!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Сынауға тіптен құмар кім көрінген өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сынауға тіптен құмар кім көрінген, мұқағали мақатаев Сынауға тіптен құмар кім көрінген өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, , Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сынауға тіптен құмар кім көрінген) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке