Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Солай)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Солай) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Солай) на казахском языке


Бұдан бөлек қай жерден ем таба алам
Тіптен менің кеткім жоқ емханадан
Көре-көре жалыққам мен қаладан,
Жүре-жүре шаршағам кең даладан
Туыс, жолдас, дос, құрдас - бәрі бөтен,
Жанашырым - Анам мен жарым екен.
Ауыратын жүрек те, бауыр да емес,
Қызылала қан болған жаным екен.
Емханадан кеткім жоқ, қайда барам?!
Бәрі де жат, бірі жоқ аймалаған.
Отанымның caп берген ордасын мен,
Жұмыс орным деймін де, пайдаланам.
Тегін төсек жатқаным, тегін тағам,
Дәрігер де, дәрі де тегін маған.
Тегін жарық, буфетім - жұмыс орным,
Мен осында қаламын, ебін табам...
Ұмытамын кім қандай Жүз екенін,
Мен осында өзімді күзетемін...
Қайырымды қарындасқа көмекші боп,
Сырқаттарды түн бойы күзетемін.
Қайда барам, мен мынау сұрымменен,
Мен ақынмын!
Жырыммен, құнымменен!
Күні бойы аралап бөлмелерді,
Сырқаттарды емдеймін жырымменен.
Солай!!!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Солай өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Солай, мұқағали мақатаев Солай өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Солай, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Солай) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке