Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сонда да біз...)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сонда да біз...) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сонда да біз...) на казахском языке


Сабыр, сабыр, әй, достым, ашуланба,
Төрт тентегің «құтыңды қашырғанға»!
Бұл өмірде баладан асыл бар ма,
Сабыр, сабыр, әй, достым, ашуланба!
Шектелмесін ашумен бар амалың,
Жарылмасын, сабыр ет, қағанағың.
Молшылық қой әзірше, заман тыныш,
Орындай сал балаңның қалағанын.
Белдігінді несіне шешіп алдың?
Таста әрі, балалардың есін алдың.
Қара борбай шағыңды ұмыттың ба?
Қырықыншы жылдарды есіңе алғын.
Жұтатұғын жалмауыз жұттан да әрі,
Есіңде ме сұрапыл сұқтанғаны?
Болса тапқан, болмаса бір уыс дән,
Бір шыны сүт, ал басқа түк қалмады.
Шәй орнына қайнақ су сораптадық,
Сонда да біз жамандық жолатпадық.
Барға мәз, балапандай тояттадық,
Сонда да біз өмірді жоғалтпадық.
Нанды беріп майданға, етті беріп,
Жұбандық өзіміздей кепті көріп.
Отарлы жан отырып қорек еткен,
Көк сиырға өмір бер деп тіледік.
Жазда аптап, қыста аяз қарып алып,
Арыдық та, ашықтың жарымадық.
Сонда да біз осындай сотқар едік,
Балалықтан басқаны танымадық.
Тірі қалдық, өлмедік сонда да біз,
Ошарлы жан, бір үйде он баламыз.
Ұзақ күнге даладан шаршап келіп,
Өлімсіреп қарайтын сонда Анамыз,
Өмір сүре бергеміз сонда да біз.
Сабыр, сабыр, әй, достым, ашуланба!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Сонда да біз... өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сонда да біз..., мұқағали мақатаев Сонда да біз... өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сонда да біз..., Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сонда да біз...) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке