Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сергей Есенинге)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сергей Есенинге) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сергей Есенинге) на казахском языке


Әй, Сергей!
Сергей, Сергей, Сергей, Сергей!
Түстім-ау сергелдеңге мен де сендей.
Аулаққа, тым аулаққа кеттім білем,
Жаны ашып, ақыл берген елге сенбей.
Мен-дағы сол жақтанмын,
Ауылданмын,
Ауылдың ауруымен ауырғанмын.
Өзіңді Мәскеу қалай қабылдаса,
Алматы мені солай қабылдады.
(Менің де өкіндіре өткенім көп)
Атқа міндім, алысып, теппедім доп.
Мен-дағы малды сүйем, итті сүйем,
Інімнің маңдайынан шерткенім жоқ.
Шаршағанда ширығам шарап ішіп,
Саған ұқсап менің де жанады ішім.
Құлағыма сыбырлап «құран» оқып,
Иектейді мені де «Қара кісі».
Мен де сендей, Серега, күнәдамын,
Жыр азабын тартамын, тіл азабын.
Туған ауыл, туған жұрт қайда барсам,
Қайда барсам - қасымда Рязаным...
Әй, Сергей!
Сергей, Сергей, Сергей, Сергей!
Бір ауылдан екенбіз мен де, сен де.
...Басым сынып барады, басым сынып,
Жөндесем де болмайды, емдесем де.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Сергей Есенинге өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сергей Есенинге, мұқағали мақатаев Сергей Есенинге өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сергей Есенинге, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сергей Есенинге) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке