Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сыбағам қайда?)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сыбағам қайда?) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сыбағам қайда?) на казахском языке


Қарамай сақалыңа, шалдығыңа,
Жарасып тұрушы еді қалжыңым да.
Қарабайдай қатайып алыпсың ғой,
Ата,Сен, шыныменен алжыдың ба?!
Сұрың да, сүхбатың да сондай бөтен!
Бұйымым бар,
Үйіңе қонбай кетем.
...Жыламаған сәбиге емшек бермес,
Жыламасам алдында болмайды екен.
Мен сені сыйламасам, түсінбесем,
Жүрмес ең әр жырымның ішінде сен.
О, менің пайғамбарым!
Сен болмасаң,
Тірі пенде алдында кішірмес ем.
Ат басы алтын берсе табылмаған,
Еншім бар менің сенде алынбаған!
Қобызың емес пе едім қолыңдағы,
Ұмыттың неге мені жаным-бабам?
Қатыбас өмірден мен пайда алмадым,
Жаныммен жазған жырым - жайған малым.
Қылышың емес пе едім қынаптағы,
Жоғалттың неге мені пайғамбарым?!
Ат басы алтын берсе табылмаған,
Сыбағам қайда менің алынбаған?
...Бір түйір кәрі көздің жасы емес пе ем,
Ұшында сақалыңның дамылдаған?!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Сыбағам қайда өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сыбағам қайда, мұқағали мақатаев Сыбағам қайда өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сыбағам қайда, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сыбағам қайда?) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке