Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Мүйісте)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Мүйісте) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Мүйісте) на казахском языке


Селк етіп, секем алып қарадың-ау,
Қай таудың киігі едің, қарағым-ау!?
Төбеңде шыр айналып бала қыран,
Мүйісте мергені бар қала мынау.
Сондықтан секем алып қарадың-ау.
Кел,
Менің қасыма кел, қасыма кел,
Жеңдіріп үрейіңді, басыла гөр,
Сұлулыққа сұқтанған жат көздерден,
Жалт еткен жанарыңды жасыра бер.
Панала,
Қасыма кел, касыма кел.
От-суы, отауы ырғын жатқан қырдан,
Нендей күш сені мұнда аттандырған?!
Абайлап, адымыңды сақтандырған,
Бұл маңға несін келдің қақпан құрған
Арман ғой сені мұнда аттандырған?!
Үмітің, арманың да бәрі қалып,
Ауылды ойлап құр бекер налымалық.
...Жеткізіп тастайын ба тауыңа алып,
Құныңды, құралайым, таны барып.
Қарағым-ау, қай таудың киігі едің?!
Сыртыңнан қараймын да, сүйінемін.
Ғайып болып қай жаққа баратырсың,
Әлде бір домбыраның күйі ме едің?!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Мүйісте өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, Мүйісте, мұқағали мақатаев Мүйісте өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на каза, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Мүйісте) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке