Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Санаулы менің сағатым)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Санаулы менің сағатым) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Санаулы менің сағатым) на казахском языке


Санаулы менің сағатым,
Санаулы менің күн, айым.
Асығам қалмай тағатым,
Асықпай қайтіп шыдайын.
Шау тарта жаным бастады-ау,
Айларды қуып жылдарым,
Айтылмай қалса масқара-ау,
Ашылмай жүрген сырларым.
Күні ертең өліп кетердей,
Жастыққа қорқа бас қойдым.
Өмірім босқа кетер ме ей,
Өруін таппай таспа ойдың?!
Күндер-ау, күндер, көктемдер,
Қасымнан менің кетпеңдер?!
Әуелде неге жараттың,
Көпсінсең мені көк пен жер?!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Санаулы менің сағатым өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, Санаулы менің сағатым, мұқағали мақатаев Санаулы менің сағатым өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Санаулы менің сағатым) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке