Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?) на казахском языке


Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?
Бұлдыраған айналаң ала сағым.
Ала сағым ішінде - болашағың,
Болашағың болашақ алашағың.
Сенің қандай аңсаймын «тамашаңды?»
Соғыс келді:жүрекке жара салды,
Шапан еттім төсенген алақанды,
Қамқор тұтып, қауқарсыз қара шалды.
Сағынам ба суық мен талқаныңды?!
Суығынды, сүрқия қаңтарыңды.
Әжем байғұс мезгілсіз ораза ұстап,
Бізге беріп талқанын қаңтарылды.
Сағынам ба түстерің, кештеріңді?!
Жалаң аяқ таңғы шық кешкенімді.
Өшкенімді білдірмей, өскенімді,
Жүре бердім жамылып бөстегімді.
Сағынбаймын,
Сағынсам, мүңайтады...
Мұңайсам, көңіл тағы лайтады.
Әнуарды, Шәмшіні, Шәмілдерді
Күн өткізген солай деп кім айтады?..




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Неңді сенің аңсаймын бала шағым өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, Неңді сенің аңсаймын бала шағым, мұқағали мақатаев Неңді сенің аңсаймын бала шағым өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагал, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке