Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Самал есті)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Самал есті) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Самал есті) на казахском языке


Самал есті, даладан, сай жақтан ба?!
Аппақ іңір тауларды ойлантқан ба?
Аспанға сүт әлдекім қайнатқан ба?!
Кілегей тұр меймілдеп қаймақтанған.
Жайлау еді,
Жайлы бір іңір еді,
Жұлдыз тамып кетердей, кідіреді.
Өзеніне асыққан өрім-бұлақ,
Төмен қарай төскейден жүгіреді.
...Қай тұста еді, құдай-ау, қай маңда еді?!
Маған кұшақ сол жанның жайған жері?
Алғаш біздер ақ гүлін таптап кеткен,
Қай маңда еді, жастықтың сайран-белі?!
Таулар да тұр, баяғы бұлақ та бар,
Өзің жоқсың, бірақ та сыр ақтарар.
Іздемей-ақ қояйын сол орынды,
Аттанам ғой ақыры, жылап қалар...




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Самал есті өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, Самал есті, мұқағали мақатаев Самал есті өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на к, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Самал есті) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке