Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Маңдайда бір тал шашым ағарыпты)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Маңдайда бір тал шашым ағарыпты) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Маңдайда бір тал шашым ағарыпты) на казахском языке


Маңдайда бір тал шашым ағарыпты,
Белгісі болғай-дағы «даналықтың».
Ығысып, қарақұсқа бара жатыр,
Кекілі кешегі анау балалықтың.
Ағарсын шашым, мейлі, ағармасын,
Алаң боп ауырмағай оған басым.
Жастықтың оты сөнер, оты сөнер,
Қызуы бойда бірақ жоғалмасын.
Жанар тауым бар еді ғой кеудемде,
Жалын атып, жана-жана сөнген бе?!
Тас қайнатып, жатушы еді, от бүркіп,
Тастай қатып, тынған ба енді, өлген бе?
Бір жанар тау жатушы еді төсімде,
Жана-жана айналған ба өшуге?1
Қызыл-күрең алау оттың орнында,
Қылымсыған қыз-сағымдар көшуде.
Жанар тауым бар еді ғой өртенген,
Жалыны оның неге мұнша ерте өлген?!
...Отырып ап сөнген ошақ басында,
Қорқыт атам қыл қобызын шертем мен.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Маңдайда бір тал шашым ағарыпты өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, Маңдайда бір тал шашым ағарыпты, мұқағали мақатаев Маңдайда бір тал шашым ағарыпты өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагал, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Маңдайда бір тал шашым ағарыпты) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке