Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Мен қарапайым қарттарды сүйем)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Мен қарапайым қарттарды сүйем) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Мен қарапайым қарттарды сүйем) на казахском языке


Мен қарапайым қарттарды сүйем,
He деген керім еді!
He біледі осы жұрт, не біледі?!
Бабалардың баласы - қариялар
Сиреп бара жатқандай көрінеді.
Сақалыңнан айналдым, қарт-бабалар,
Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?
О, тірі шежірелер, қалдырыңдар,
Қанеки, нелерің бар салтқа жарар?
Қанеки, нелерің бар, Аталарым?
Ұрпағыңа ұран қып апарамын.
Сенімдеріңді ақтаймын, ақтаймын да,
Сендердің мұрагерің атанамын.
Осылай деп қарттардан қалап келем,
Өнеге, өсиетін санап көрем.
Санап көрем... тоймаймын... сұранамын,
Себебі мен де бір күн жауап берем.
Қарттар бізді тастайды-ау, күйінемін,
Ой, өмір-ай, неғылған қиын едің!?
Сондықтан да садақ боп иілемін,
Сауыт болам, тек қана киіне біл...




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Мен қарапайым қарттарды сүйем өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, Мен қарапайым қарттарды сүйем, мұқағали мақатаев Мен қарапайым қарттарды сүйем өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Мен қарапайым қарттарды сүйем) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке