Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Миллиард дастарқаны)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Миллиард дастарқаны) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Миллиард дастарқаны) на казахском языке


Жалғанның жартысындай жалпақ далам,
Кеудең - ырыс, алтын тақ - арқаң маған!
Қозғалсаң қойыныңнан дән саулаған,
Кәусар далам, бас идім, гауһар далам!
Жесір ем, жетімек ем жаутаңдаған,
Ырысқа кенелттің-ау, партия анам!
Кезімде әлсіреген, қансыраған,
Сен болдың алдымен кеп хал сұраған.
Сенен кеп су сұрағам, нан сұрағам,
Кезеңде екі талай сансыраған.
О, менің жан сыбағам, ар сыбағам,
Мәңгілік қызығым боп, қалшы далам!
Жарастық жақындықтың дастарқаны,
Кім сенің пейіліңнен бас тартады,
Ақ отаулар тігілсін, қостар тағы,
Толтырыңдар нығыздап бос қамбаны,
Жер бетінде көбейсін достар тағы,
Менің жерім достықтың асқар тауы!!!
Ошағын да, отын да қаза қылмай,
Қайнап жатқан ырыстың тай қазанындай.
Жайнап тұрған мәңгі достық базарындай,
Қазағыңдай досың бар,қазағыңдай.
Қашандағы танитын жаза бұрмай.
Тойыма кел, достарым, тартынбағын,
Пейіліме сай пейілмен жарқылдағын.
Алтындарын сапырған алтын дәнін,
Алып Одақ өсірген аясында,
Досың барын, қазақтай, халқың барын,
Есіңе алып, тойға кел,жарқындарым!
Сөнбе мәңгі!
Достықтың оты лаула!
Думан-той, сән-салтанат жатыр алда.
Жаяйық миллиардтың мол дастарқанын,
Алатау, Алтай, Арқа мен Атырауға!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Миллиард дастарқаны өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, Миллиард дастарқаны, мұқағали мақатаев Миллиард дастарқаны өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев с, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Миллиард дастарқаны) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке