Қазақша өлең: Мен бақытты баламын

Қазақша өлең: Мен бақытты баламын казакша Қазақша өлең: Мен бақытты баламын на казахском языке


Мен бақытты баламын,
Футболшы болу арманым.
Еңбек етіп өтемін,
Арманыма жетемін.
Талғат Емел

Мен бақытты баламын,
Әрқашанда көңілді.
Әр адамның бақыты,
Отбасының тірегі.

Әкем менің қуаныш,
Анам менің жұбаныш
Атам менің көңілді
Әжем менің ақылды.
Джалғасбаева Жансұлу Берікқызы

Мен бақытты баламын,
Шырқап әнге саламын.
Егеменді елімде,
Білімді мен аламын.

Әсемаймын сымбатты,
Ата-анама қымбатты.
Үздік оқып сабақты,
Сүйкімдімін тым тәтті.

Оқимын талаптанып,
Келемін қанат қағып.
Ұстаздың білімімен,
Жүрмін ғой мадақталып.
Асемай Есиркепова

Рауан Мырзабайдың «Мен бақытты баламын!» әні
Төсінде кең даланың,
Еркін асыр саламын.
Құшағында анамның,
Мен бақытты баламын!
Қайырмасы:
Мен бақытты баламын!
Мен бақытты баламын!
Мен бақытты баламын!
Мен бақытты баламын!

Пейілі кең далам бар,
Асқар тауым-атамдай.
Еңбек етем ел үшін,
Даңқы шыққан апамдай.
Қайырмасы:

Өлеңі мен әнін жазған:Рауан Мырзабай




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, бақытты баламыз өлең, мен бақытты баламын өлең, мен бакытты баламын олен казакша, мен бакытты баламын ани, мен бақытты баламын әні, мен бақытты баламын әнінің сөзі, бақытты баламыз өлең, мен бақытты баламын өлең, мен бакытты баламын олен казакша, мен бакытты баламын ани, мен бақытты баламын әні, мен бақытты баламын әнінің сөзі, Қазақша өлең: Мен бақытты баламын қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке