Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қыз сөзі)

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қыз сөзі) казакша Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қыз сөзі) на казахском языке


Қиыстырып мақтайсыз,
Ойласаң не таппайсыз?
Бізде ерік жоқ, өзің біл,
Әлде неге бастайсыз.

Біз де әркімді байқаймыз,
Тап бергеннен тайқаймыз.
Сіздей асыл кез болса,
Қайтіп басты шайқаймыз?
Ақылыңа сөзің сай,
Сіз – жалын шоқ, біз – бір май.
Ыстық сөзің кірді ішке,
Май тұра ма шыжымай.

Қабыл көрсең, көңілім жай,
Тастап кетсең, япырмай,
Ит қор адам болар ма,
Бұл жалғанда сорлыңдай?

Тілегімді бермесең,
Амалым не жерлесең?
Үйір қылма бойыңа,
Шыны жақсы көрмесең.

Қайғың болар шермен тең,
Қара көңілім жермен тең.
Сенсіз маған жат төсек
Болар бейне көрмен тең.

Сіз – бір сұңқар шаһбаз1,
Жер жүзінен алған баж2.
Біздей ғаріп есепсіз,
Есігінде жүр мұқтаж.

Көңілің тұрса бізді алып,
Шыныменен қозғалып,
Біз – қырғауыл, сіз – тұйғын,
Тояттай бер, кел де алып.

Тал жібектей оралып,
Гүл шыбықтай бұралып.
Салмағыңнан жаншылып,
Қалсын құмар бір қанып...

Мұны жаздым ойланып,
Ойда бардан толғанып.
Кірсе ішіңе оқи бер,
Бозбалалар, қолға алып.

Мұны оқыса кім танып,
Жүрегіне от жанып,
Сөзді ұғарлық жан тапса,
Айтса жарар ән салып.

Өлең жиған тырбанып,
Ән үйренген ырғалып.
Сорлы Көкбай қор болды-ау,
Осыншадан құр қалып.


1 Шаһбаз (парсыша) – қаршыға, лашын, сұңқар және ержүрек батыр мағынасында да қолданылатын сөз.
2 Баж (парсыша) – алым-салық. Бұл жерде тоят алу, тояттау деген ауыспалы мағынада қолданылған.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, абай құнанбаев Қыз сөзі өлең казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Қыз сөзі, абай құнанбаев Қыз сөзі өлең казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Қыз сөзі, Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қыз сөзі) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке