Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Онегиннің сипаты)

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Онегиннің сипаты) казакша Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Онегиннің сипаты) на казахском языке


(А. С. Пушкиннен)
Жасынан түсін билеп, сыр бермеген,
Дәмеленсе, күндесе, білдірмеген.
Нанасың не айтса да, амалың жоқ,
Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген.

Кейде паң, кейде көнгіш орныменен,
Кейде елеусіз, кейде ынтық формыменен.
Кейде үндемей жүрсе де сөзге баяу,
От жалындай жауапкер құрбыменен.

Ғашықтық сөзге жүйрік әсіресе,
"Дем алысым, құмарым – бір сен" десе.
Жанын құрбан жолына қылған жансып,
Көз қарауы құбылар әлденеше,
Кейде ұялшақ, төменшік, кейде тіп-тік,
Қамыққансыр, қайғырып, орны келсе.

Жай, жаңа кісі болып түк білмеген,
Қалжыңын білдіртпейді қалай деген.
Жаның шошыр өрлігі жаннан бөлек,
Кісіге балдан тәтті орны келген.

Биттей бойы босаса, сезер сонда,
Жастық жеңіп, көңілді шайқағанда.
Ғашыққұмар, ақыл мен бойыңды алып,
Жылы жауап есітер не қылсаң да.

Емінер, "әй" дегізер, дайын қылар,
Жүрегің қалай соқса, пайым қылар.
Жылы ізін суытпас, дамыл көрмес,
Бір оңаша жолығар жер айтқызар.

Ел аулақта оңаша қолына алып,
Көңіліндегі сабағын айтып тынар.

Жасынан көрсе оны ақылы сасқан
Не сұрқия жандарың жұрттан асқан.
Жеңуге, қор қылуға тағы да ұста,
Өзіне күндес шықса, жол таласқан.
Ажуаға, қорлауға тілі орамды,
Не түрлі тұзақ құрып көңілін басқан.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, абай құнанбаев Онегиннің сипаты өлең казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Онегиннің сипаты, абай құнанбаев Онегиннің сипаты өлең казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Онегиннің сипаты, Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Онегиннің сипаты) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке