Биология | Естен тану

 Биология | Естен тану

Естен тану



Адамға төтенше жағдайлардың физикалық және эмоциялық факторларының әсері ағзаның өмірлік маңызды функционалдық жүйелерінің қатты күйзелісіне, жалпы ауыр жағдайдың дамуына әкеп соғады, ол естен тану деп аталады. Естен танудың көп тараған түрі зақымнан болған естен тану. Ол бастың көлемді жері зақымдануынан, кеуде, аяқ-қол және күйіктердің нәтижесінде болады. Мұндай жағдайда қан айналым жүйесі, тыныс алу, зат алмасу, жүйкенің регуляциялық қызметі бұзылады.

Естен танудың бастапқы сатысында зардап шегушіде қысқа уақытты қозу сипатталады. Ол есіне келгенде тынышсызданады, өзінің ауыр халде екенін сезіне алмайды, секіреді, қашуға ұмтылады, айғайлайды, жұлқынып сөйлейді, көздің қарашықтары ұлғаяды, өңі бозарады, жиі тыныс алады және тамыры жиі соғады.

Қозу сатысы ештеңеге қызықпаушылық күйге ауысады, маңындағы адамдармен араласпайды, ауыруға реакциясы төмен немесе толық болмайды, парықсыз жағдайға алмасады. Зардап шегуші бозарады, жабысқақ суық тер шығады, дене температурасы төмендейді, тыныс алу және тамырдың соғуы жиілейді, шөл пайда болады, кейде лоқсиды.

Жоғарыда жазылған белгілер байқалған жағдайда тез арада көмек көретуге кірісу қажет:

- жарақаттану факторының әсер етуін тоқтату;

- зардап шегушіні естен танған кейіпте жатқызу;

- қан кетуді тоқтату;

Аяқ-қолдарына қажет болғанда уақытша иммобилизациялау жүргізу;

- тыныс алу жолдарын босату;

- тыныс алуы және жүрегі тоқтап қалған жағдайда қолдан дем алдыру керек;

- ауыруды сездірмейтін дәрілер беру немесе егу қажет (анальгин, пенталгин, седаогин);

- жылумен қамтамасыз ету;

- зардап шегушінің жағдайын үнемі бақылауға алуды қамтамасыз ету;

- жылдам госпитальға жатқызу мүмкіндігін туғызу;

Естен танудың бір түрі қызбалықтан (эмоциялық) естен тану болып табылады. Ол кенеттен болатын психиялық зақымдану нәтижесінде дамиды. Зардап шегуші толық парықсыздықты (естен айырылып қалушылық) немесе кенеттен қозушылық білдіруі мүмкін.

Жәрдем көрсету жарақаттанғандағы естен тануда өткізілетін іс-шаралардан құралады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!