Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Малға достың мұңы жоқ малдан басқа)

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Малға достың мұңы жоқ малдан басқа) казакша Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Малға достың мұңы жоқ малдан басқа) на казахском языке


Малға достың мұңы жоқ малдан басқа,
Аларында шара жоқ алдамасқа.
Табысына табынып, қалтаң қағып,
Тойғанынан қалғанын берсе алашқа.

Мал жияды мақтанын білдірмекке,
Көзге шұқып, малменен күйдірмекке.
Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар,
Сорпа сумен, сүйекпен сүйдірмекке.

Ақылды деп, арлы деп, ақпейіл деп
Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп.
Осы күнде мал қайда, боқ ішінде,
Алтын алсаң, береді боғынан жеп.

Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.
Еңбекті сат, ар сатып неге керек?
Үш ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, абай құнанбаев Малға достың мұңы жоқ малдан басқа өлең казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Малға достың мұңы жоқ малдан басқа, абай құнанбаев Малға достың мұңы жоқ малдан басқа өлең казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Малға достың мұңы жо, Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Малға достың мұңы жоқ малдан басқа) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке