Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Тайға міндік)

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Тайға міндік) казакша Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Тайға міндік) на казахском языке


Тайға міндік,
Тойға шаптық,
Жақсы киім киініп.
Үкі тақтық,
Күлкі бақтық,
Жоқ немеге сүйініп.
Күйкентай күтті,
Құс етті,
Не бітті?

Атамыз бар,
Молдамыз бар,
Айтқанына көнбедік.
Арт жағында,
Біз соған зар,
Боламыз деп білмедік.
Ұрланып қаштық,
Жолғастық,
Шуластық.

Жазу жаздық,
Хат таныдық,
Болдық азат молдадан.
Шала оқудан,
Не жарыдық,
Қалғаннан соң құр надан?
Бағасыз жастық —
Бозбастық,
Адастық.

Бозбалалық —
Қыз қарадық,
Қалжың, әзіл сөйлестік.
Ат жараттық,
Сән тараттық,
Әуейілік күйлестік.
Көңілге келер,
Кім жолар,
Кім көнер?

Қайын бардық,
Қатын алдық,
Енші тиді азғана.
Шаруа атандық,
Енді ойландық,
Қала берді бозбала.
Бұрынғы қайда?
Ойбайла —
Не пайда?




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, абай құнанбаев Тайға міндік өлең казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Тайға міндік, абай құнанбаев Тайға міндік өлең казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Тайға міндік, Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Тайға міндік) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке