Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (ЖОЛАУШЫНЫҢ КӨКЕЙІНДЕГІСІ)

Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (ЖОЛАУШЫНЫҢ КӨКЕЙІНДЕГІСІ) казакша Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (ЖОЛАУШЫНЫҢ КӨКЕЙІНДЕГІСІ) на казахском языке


Дала көрдім
тау мен тас,
өзені бар,
Қарағайы,
Қайыңы – өзегі бар.
Неткен ғажап өңір бұл Тәңірім-ау,
Ақпен шайған ауызын өз елі бар.
Неткен ғажап өңір бұл гүл жайнаған,
Перзентінің қанында жыр қайнаған!
Келіп алып кете алмай кері қарай
кер бестімді тізгіндеп шыр айналам.
Қимас қалқам қалғандай қиналамын,
Қиналғаным – емес бұл сыймағаным.
Пұл берсем де жатпас па ем бір жағында,
Бір жағынан жоқ және жинағаным.
Тым болмаса тисін деп пайдам бір шын,
Ақыл айтқан ұлына айлам құрсын.
Туған жердің қадірін туған ұлы
тұрып жатқан шағында қайдан білсін.
Жер қадірін білместен мен де солай
жырақ кеткем жылыстап елден солай.
Өз жеріне өгей боп шерленеді
өмір жолын шиырлап пендең солай.
Туған жердің түсімде түнін көрем,
Күнін көрем көгінде күлімдеген.
Өзге өңірге тамсанып
өз жеріме
өлу үшін барармын түбінде мен.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, жарас сәрсек ЖОЛАУШЫНЫҢ КӨКЕЙІНДЕГІСІ өлең стихи на казахском жарас сарсек казакша олен, стихи на казахском языке жарас сарсек, жарас сарсек олендери, жарас сәрсек өлеңдері, ЖОЛАУШЫНЫҢ КӨКЕЙІНДЕГІСІ, жарас сәрсек ЖОЛАУШЫНЫҢ КӨКЕЙІНДЕГІСІ өлең стихи на казахском жарас сарсек казакша олен, стихи на казахском языке жарас сарсек, жарас сарсек олендери, жарас сәрсек өлеңдері, ЖОЛАУШЫНЫҢ КӨКЕЙІНДЕГІСІ, Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (ЖОЛАУШЫНЫҢ КӨКЕЙІНДЕГІСІ) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке