Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (ҚҰЛАЗУ)

Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (ҚҰЛАЗУ) казакша Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (ҚҰЛАЗУ) на казахском языке


Ешкім мені еркелеткен жоқ еді,
Еркелегім келеді.
Ет жақыным,
Естілерім көп еді,
Ескермейді неге оны?

Көне тамдай мезет сайын үгіліп,
Көк көйлектей оңамын.
Көрінгенге отымды ала жүгіріп,
Өзім ылғи тоңамын.

Деп жүргенде бәрі-бәрі жаттанды,
Көктем келді өлең боп.
Жылып келіп жылап ол да аттанды,
«Кейін қайта келем» деп.

Жан сырымды жазға айтамын деп түйдім,
Хабардар деп күймінен.
Аптабымен алқындырды, көп күйдім,
Шыға алмадым үйімнен.

Күздей едім,
Күрсіндіріп күз келді,
Күз – күмәннің мекені.
Бояуы көп,
Баяны жоқ бұл мезгіл
келеді де кетеді.

Жыр қыларым жылыстайды жыраққа,
Жылу күтем, ал, кімнен?
Қарашаға қош-қош айтып қыратта,
Қар астында қалдым мен.

Қара жер мен қар арасын паналап,
Қалтыраймын, қарағым!
Қара айғырды қойып едім тағалап,
Қайда кетіп барамын?! Ет жақыным,
Естілерім көп еді,
Ескі болды өлеңі.
Ешкім мені еркелеткен жоқ еді,
Еркелегім келеді…
Еркелегім келеді…




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, жарас сәрсек ҚҰЛАЗУ өлең стихи на казахском жарас сарсек казакша олен, стихи на казахском языке жарас сарсек, жарас сарсек олендери, жарас сәрсек өлеңдері, ҚҰЛАЗУ, жарас сәрсек ҚҰЛАЗУ өлең стихи на казахском жарас сарсек казакша олен, стихи на казахском языке жарас сарсек, жарас сарсек олендери, жарас сәрсек өлеңдері, ҚҰЛАЗУ, Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (ҚҰЛАЗУ) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке