Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (Қайран күндер қасыңнан....)

Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (Қайран күндер қасыңнан....) казакша Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (Қайран күндер қасыңнан....) на казахском языке


Қайран күндер қасыңнан
қалғып-мүлгіп өттім мен,
Ояна алмай көп болды
өлең жазбай кеттім мен.
Қаламымның сиясы
қатып қалған сияқты.
Ақ қағаздан әлде осы
алып қаштым ұятты...
Өз-өзімді ақтаған
амалыма қарашы,
Ақиқатын айтсаңшы,
Иттің ғана баласы!
Мың күнімді өлтіріп,
Бір күнімді келтіріп,
Көп теңселдім көшеңде
қайрат-күшім кертіліп.
Жүргендердің бәрінің
жүрегінен көз іздеп,
Әуеден де,
Жерден де
дем беретін сөз іздеп,
Әуресі көп өмірге
өкпелеумен келем мен.
Суысқаным жөн бе осы
досым болған өлеңмен?!
Арманымды айшықтап,
Соған салып берген ем,
Не жамандық көрдім мен
өзім жазған өлеңнен...
Өзегіме қаламның
көк сиясы құйылып,
Өн бойымнан барады
қызыл қаным сұйылып.
Тамырларым тырсылдап,
Жарылардай болып тұр.
Жаным жарақатынан
жазылардай болып тұр...
Өлеңіммен сәлден соң
ақ парақта беттесем.
Ағытпақпын көмейін
ағып бірге кетпесем...




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, жарас сәрсек Қайран күндер қасыңнан өлең стихи на казахском жарас сарсек казакша олен, стихи на казахском языке жарас сарсек, жарас сарсек олендери, жарас сәрсек өлеңдері, Қайран күндер қасыңнан, жарас сәрсек Қайран күндер қасыңнан өлең стихи на казахском жарас сарсек казакша олен, стихи на казахском языке жарас сарсек, жарас сарсек олендери, жарас сәрсек өлеңдері, Қайран күндер қасыңнан, Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (Қайран күндер қасыңнан....) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке