Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (ҚАРАДАЛА)

Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (ҚАРАДАЛА) казакша Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (ҚАРАДАЛА) на казахском языке


Аштықты көріп арыған,
Қастықты көріп налыған,
Көзімді ашып көргеннен
киелім сен ең таныған.
Шарын мен Іле арасын
жайлаған шалқар даласың.
Сартоғай,
Ыстық суыммен
Ынтығым болып қаласың.
Бабамнан қалған көз еді
Бау-бағың, тауың, өзенің.
Өңгеріп кетсем дегеннің
өртедің талай өзегін.
Сүмбеден ұшқан сұңқармын,
Сұңқарды көздеп құртар кім?
Жайқалған жасыл ішінде
Жапырақ жайған бір талмын,
Жантайып өскен бір талмын.
Көнеден қалған көз едім,
Өртенер содан өзегім.
Атылмай қалған оқ едім,
Айтылмай қалған сөз едім.
Жырақта жүрмін – шетінмін,
Жете алмай кейде өкіндім.
Шошанай,
Сүмбе – ортағым,
Әкем мен анам секілдім.
Құдай-ау, қандай даласың,
Көнесің әрі жаңасың.
Үзіліп кеткен-дер-ім-ді
аймалап жатқан анасың.
Саған да мейірім көп керек,
Маған да мейірім көп керек.
Желпілдеп барып кейде мен
Мөлтілдеп қайтам өкпелеп...
Қайырылмай кетсем, қарамай
жасыма жалғыз баладай.
Өзіңсің қара шаңырағым,
Далам-ай – Қарадалам-ай!
Көк белдеріңе көктеммін,
Сөз етем несін өткеннің.
Жоғалу үшін кеткем жоқ,
Оралу үшін кеткенмін.
Далам-ау – Қарадалам-ау!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, жарас сәрсек ҚАРАДАЛА өлең стихи на казахском жарас сарсек казакша олен, стихи на казахском языке жарас сарсек, жарас сарсек олендери, жарас сәрсек өлеңдері, ҚАРАДАЛА, жарас сәрсек ҚАРАДАЛА өлең стихи на казахском жарас сарсек казакша олен, стихи на казахском языке жарас сарсек, жарас сарсек олендери, жарас сәрсек өлеңдері, ҚАРАДАЛА, Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (ҚАРАДАЛА) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке