Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (Сені іздеп жүрмін адалдық...)

Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (Сені іздеп жүрмін адалдық...) казакша Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (Сені іздеп жүрмін адалдық...) на казахском языке


Сені іздеп жүрмін адалдық,
Қай жаққа көшіп кеткенсің?
Қай кеуделерде жаралып,
Қай кеуделерге өткенсің?
Көңілде аяз өзіңсіз,
Өңірде аяз төзімсіз,
Күн кешем қалай өзіңсіз,
Күн кешем қалай көктемсіз?!
Сонымен қайда жүрсің сен,
Қай жақтан табам сабылып?
Сарғайтқан жанды кімсің сен,
Сағынып жүрмін сағынып.
Жанымды неге ұқпайсың,
Жарқылдап алдан шықпайсың,
Келесің қашан елге сен
ашу-ызаңнан арылып?
Өлетін болдым жарылып...
Қай жаққа кеттің қыр асып,
Кімдермен жүрсің жанасып?
Кімдерге жүрсің сыр ашып,
Кімдермен жүрсің жарасып?
Күн жарық еді біз жақта,
Ай жарық еді біз жақта,
Қай жақта жүрсің адасып,
Кімдерге жүрсің қарасып?
Қай жақта жүрсің қастерлім,
Дәл қазір ұшып жетейін,
Қанатым талса қайтейін.
Алдыңнан бір рет өтейін.
«Қайтару үшін құрбан қыл
қара басыңды»,-десең сен,
Деп пе едің артық құлдан құл,
Ғайып боп қазір кетейін...




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, жарас сәрсек Сені іздеп жүрмін адалдық өлең стихи на казахском жарас сарсек казакша олен, стихи на казахском языке жарас сарсек, жарас сарсек олендери, жарас сәрсек өлеңдері, Сені іздеп жүрмін адалдық, жарас сәрсек Сені іздеп жүрмін адалдық өлең стихи на казахском жарас сарсек казакша олен, стихи на казахском языке жарас сарсек, жарас сарсек олендери, жарас сәрсек өлеңдері, Сені іздеп жүрмін адалдық, Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (Сені іздеп жүрмін адалдық...) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке