Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (БОЗЫМ)

Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (БОЗЫМ) казакша Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (БОЗЫМ) на казахском языке


Әй, Бозым,
Әйәй Бозым,
Бозым, Бозым!
Ілескен соңымдағы жалғыз қозым.
Жаныма жаз боп енген жарығым ең,
Жалғаннан бақ таппаспын жалғыз өзім.
Әй, Бозым,
Әйәй Бозым,
Жарығым-ай!
Тұратын шамшырағым жанып ұдай.
Түн болсын,
Түнек болсын іздей қалсам,
Жанымнан табылатын анығым-ай!
Әй, Бозым,
Әйәй Бозым,
Сыңарым сен!
Шырқалған сағыныштан шын әнім сен.
Тұнығым,
Мөлдірімсің мөлтілдеген,
Шөлдесем шөл қандырған бұлағым сен.
Әй, Бозым,
Әйәй Бозым,
Бауырым-ай!
Жалғанның жал сипатпас ауырын-ай...
Өтер-кетер дүниеде келіп-кетіп,
Жүрсең деймін жанымнан табылып-ай!
Әй, Бозым,
Әйәй Бозым,
Атың озсын!
Жақын – жау, заман болған жаты – досы.
Өңір суық болса да, көңіл суып
«кетпесін», – деп қалдырған хатым осы.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, жарас сәрсек БОЗЫМ өлең стихи на казахском жарас сарсек казакша олен, стихи на казахском языке жарас сарсек, жарас сарсек олендери, жарас сәрсек өлеңдері, БОЗЫМ, жарас сәрсек БОЗЫМ өлең стихи на казахском жарас сарсек казакша олен, стихи на казахском языке жарас сарсек, жарас сарсек олендери, жарас сәрсек өлеңдері, БОЗЫМ, Қазақша өлең: Жарас Сәрсек (БОЗЫМ) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке