Қазақша өлең: Әділбек Ыбырайымұлы (ӘППАҚ ҚАР, ҚЫЗЫЛ АЛАУ...)

Қазақша өлең: Әділбек Ыбырайымұлы (ӘППАҚ ҚАР, ҚЫЗЫЛ АЛАУ...) казакша Қазақша өлең: Әділбек Ыбырайымұлы (ӘППАҚ ҚАР, ҚЫЗЫЛ АЛАУ...) на казахском языке


Шыңылтыр аяз кернеп маң даланы,
Аз күнгі қаһарына малданады.
Бүрсеңдеп пенде байқұс күн кешеді,
Жылынып алау отқа жан қалады.
Қоздайды томар ағаш бабыменен,
Шәй қайнар мосыдағы табыменен.
Әппақ қар, қызыл алау, қара күйе,
Алыстан бұлдырайды шағыл әлем.
Сары аяз сақылдаған сіреседі,
Тіршілік теперішпен тіреседі.
Күсеттің қолын сұғып қойынына,
Пенде жүр таусылмайтын бір есебі.
Бейнеттің батпаны көп бесенеден,
Сөндірер қозған шоқты көсемеген.
Өмірдің өшпесе деп жанған оты,
Тамызық іздеп өтер пешенеден.
Қадамға бара алмайтын батыл мұндай,
Жайыңды сырт айналар жат ұғынбай,
... Ошақтың оты маздап сыздықтайды,
Жанымның алаулаған лапылындай
Ызғар да бәсеңдеді зықыны аған,
Жарыққа ұмтылады бүкіл адам.
... Әппақ қар, қызыл алау, қара шәугім,
Аязды сындырады шытынаған.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, әділбек ыбырайымұлы ӘППАҚ ҚАР ҚЫЗЫЛ АЛАУ... өлең стихи на казахском адильбек ыбырайымулы казакша олен, стихи на казахском языке адильбек ыбырайымулы, адильбек ыбырайымулы олендери, әділбек ыбырайымұлы өлеңдері, ӘППАҚ ҚАР ҚЫЗЫЛ АЛАУ..., әділбек ыбырайымұлы ӘППАҚ ҚАР ҚЫЗЫЛ АЛАУ... өлең стихи на казахском адильбек ыбырайымулы казакша олен, стихи на казахском языке адильбек ыбырайымулы, адильбек ыбырайымулы олендери, әділбек ыбырайымұлы өлеңдері, ӘППАҚ ҚАР ҚЫЗЫЛ АЛАУ..., Қазақша өлең: Әділбек Ыбырайымұлы (ӘППАҚ ҚАР, ҚЫЗЫЛ АЛАУ...) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке