Қазақша өлең: Әділбек Ыбырайымұлы (ҚАЗДАР КЕТІП БАРАДЫ...)

Қазақша өлең: Әділбек Ыбырайымұлы (ҚАЗДАР КЕТІП БАРАДЫ...) казакша Қазақша өлең: Әділбек Ыбырайымұлы (ҚАЗДАР КЕТІП БАРАДЫ...) на казахском языке


Сұрқайланып таң атты, қырбық қарлы,
Аямайды, байқаймын, бұрлыққанды.
Өрмек салып аяз жүр терезеге,
Әйнегіне әлемнің жыр ғып халді.
Шыңылтыр шақ сынайды төзіміңді,
Кім ұнатар іреңсіз мезі күнді?
Арқасынан өткен соң ызғырық жел,
Көк сиырдың мөлиген көзі мұңды.
Бұйығы – ауыл, суықтан тайынғаннан,
Жайбырахат бір кезгі жайың қалған.
Қоқиланып қоразда шақырмайды,
Мекиеннің жанында уайым халдан.
Шытынайды сұрықсыз шытынған күн,
Аяз қысып, желтоқсан зықымды алдың.
Есік ашса боп-боз боп бу кіреді,
Тамағынан ұстадың жұтынғанның...
Жел білінер ебіден ызың етпе,
Тыныс алсаң сезінер сызын өкпе
...Ал көшеге жан шықпай,
Ертеңгілік,
Қаздар кетіп барады қызыметке.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, әділбек ыбырайымұлы ҚАЗДАР КЕТІП БАРАДЫ... өлең стихи на казахском адильбек ыбырайымулы казакша олен, стихи на казахском языке адильбек ыбырайымулы, адильбек ыбырайымулы олендери, әділбек ыбырайымұлы өлеңдері, ҚАЗДАР КЕТІП БАРАДЫ..., әділбек ыбырайымұлы ҚАЗДАР КЕТІП БАРАДЫ... өлең стихи на казахском адильбек ыбырайымулы казакша олен, стихи на казахском языке адильбек ыбырайымулы, адильбек ыбырайымулы олендери, әділбек ыбырайымұлы өлеңдері, ҚАЗДАР КЕТІП БАРАДЫ..., Қазақша өлең: Әділбек Ыбырайымұлы (ҚАЗДАР КЕТІП БАРАДЫ...) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке