Қазақша өлең: Әділбек Ыбырайымұлы (ЖОЛ немесе ЕҢ ҮЛКЕН АЙ)

Қазақша өлең: Әділбек Ыбырайымұлы (ЖОЛ немесе ЕҢ ҮЛКЕН АЙ) казакша Қазақша өлең: Әділбек Ыбырайымұлы (ЖОЛ немесе ЕҢ ҮЛКЕН АЙ) на казахском языке


Жол мені жетелейді.
Келем ілбіп,
Үміттің байрағына өлең ілдік.
Адасып, жаңылсам да бағытымнан,
Тұлпарға тақымдағы сене білдік.
Түн жүрдік, күндіз жүрдік, лапылдадық,
Кей сәтте межелерге жақындадық.
Ұрымтал қылталарда қарау тобыр,
Жіберді атымды алмай хақымды алып.
Бастадым жаңа сүрлеу,
Күйремедім,
Соқпақтың талай көрдім ирелеңін.
Қалжырап қалғанымда бетім қайтып,
Үмітім алдан шығып, сүйреледің.
Түсініп,
Ұға алмайсың бұ ғаламды,
Жол жатыр алдымызда бұралаңды.
Өлмейсің көресінді көріп болмай,
Аласың өзіңе тән сыбағаңды.
Табылмай көңілімнің емі, қап-ай,
Дал етті орта жолда мені талай.
Арманға қол созым жер қалғандаймын,
Сен болып
көрінеді
Ең үлкен Ай...




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, әділбек ыбырайымұлы ЖОЛ немесе ЕҢ ҮЛКЕН АЙ өлең стихи на казахском адильбек ыбырайымулы казакша олен, стихи на казахском языке адильбек ыбырайымулы, адильбек ыбырайымулы олендери, әділбек ыбырайымұлы өлеңдері, ЖОЛ немесе ЕҢ ҮЛКЕН АЙ, әділбек ыбырайымұлы ЖОЛ немесе ЕҢ ҮЛКЕН АЙ өлең стихи на казахском адильбек ыбырайымулы казакша олен, стихи на казахском языке адильбек ыбырайымулы, адильбек ыбырайымулы олендери, әділбек ыбырайымұлы өлеңдері, ЖОЛ немесе ЕҢ ҮЛКЕН АЙ, Қазақша өлең: Әділбек Ыбырайымұлы (ЖОЛ немесе ЕҢ ҮЛКЕН АЙ) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке