Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сыр)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сыр) казакша Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сыр) на казахском языке


Елді ойламас ағаңның
оқ тілінен не пайда,
тамшы тамбас далаңның
от күнінен не пайда?
Бірлігі жоқ ұлыстың
көптігінен не пайда,
ұстары жоқ қылыштың
өткірінен не пайда?
Өз басынан аспайтын
азаматтан не пайда,
тасқа салсаң ақсайтын
қазан аттан не пайда?
Суарылмас семсерің
жарқылынан не пайда,
арта алмаса Ел сенім
жарқын ұлдан не пайда?
Бір-біріне от шашқан
ерлеріңнен не пайда,
құлқын үшін топтасқан
ездеріңнен не пайда?
Тыңдар құлақ болмаса
сөздеріңнен не пайда,
сертте тұрақ болмаса
төзгеніңнен не пайда?
Өресі жоқ ханзада
тақ мінгеннен не пайда,
қыран тұрып, қарғаға
бақ бергеннен не пайда?
Ошағыңда жылу жоқ –
ай көркіңнен не пайда?
Жан-әлемде тыным жоқ –
Ай мен Күннен не пайда?
Анаңның тілі – жанарың,
бабаңның жыры – жарағың,
татулық – таудай қамалың,
қасиетін қорғап даланың
қаламын десең Ел болып,
сөзіме ой сал, саналым!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, фариза оңғарсынова Сыр өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңдері, Сыр, фариза оңғарсынова Сыр өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңдері, Сыр, Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сыр) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке