Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жігерлену)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жігерлену) казакша Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жігерлену) на казахском языке


Еңсемді енді мен де бір көтерейін,
тамағымды кенейін, жөтелейін.
Көзі түспес көсемдер көрер ме екен –
бірін Беке, біреуін Төке дейін.
Жарқылдаған жұлдызды әлем мендей,
түгеншені ықтамай, Пәленге ермей
күн көріппін, жындарын құрыстырып,
биліктіге бұрылып сәлем бермей.
Қайда әулие қарттардан бата алғаным?
Жақсы, жаман өзімнің қатарларым,
бекпен ауыз жаласып не қорқытып
бөлісіп жүр шені мен шапандарын.
Биліктінің талайын батыл, белді,
алмас тісті шындықпен ақыл жеңді.
Ақылымның құны да тиын, егер
тоқтата алмаса сөзімен әкімдерді.
Тоқылдақ та тыңдатар орманға үнін,
құрығынан күштінің қорғар жырым.
Сөзімді өткізе алмасам әкімдерге
мен де олардай ақымақ болғандығым.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, фариза оңғарсынова Жігерлену өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңдері, Жігерлену, фариза оңғарсынова Жігерлену өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңдері, Жігерлену, Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жігерлену) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке