Қазақша өлең: Ұлмекен Лесбекова (Күндер!)

Қазақша өлең: Ұлмекен Лесбекова (Күндер!) казакша Қазақша өлең: Ұлмекен Лесбекова (Күндер!) на казахском языке


Күндер!
Бола жатса келісім,
Бала жатар жаңа Өмір?
Сен келіссең, мен үшін
Көңіл жақта жаңа өңір.

Қорқынышты ал менен,
Мәрт көңілің сол сенің.
Сауға болсын ал сенен,
Сыйлап кетші зор Сенім.

Мен берейін қайғыны,
сен қабыл ал шошынбай.
Мен білмеймін қай күні,
Шаттық орнат досымдай.

Бөленгенде ізгі, ақ таң,
Махаббатқа мерейім.
Жүрегімді сыздатқан
Жалғыздықты берейін.

Дәтке қуат бітіріп,
Сен бергенде қайратты.
Күмән тұрмай кідіріп,
Саған көзін байлапты.

Сағынышты, күтуді,
Тағы сыйса өкініш.
Ақтарып сап берейін,
Алып кетші, өтініш.

Қой, не керек? ...сыйлар ма ең,
мәңгі бітер Бақытты.
Ал мен саған сыйлар ем,
мына жалған Уақытты.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, ұлмекен лесбекова Күндер өлең стихи на казахском улмекен лесбекова казакша олен, ұлмекен лесбекова өлеңдері, стихи на казахскомулмекен лесбекова, улмекен лесбекова олендери казакша, Күндер, ұлмекен лесбекова Күндер өлең стихи на казахском улмекен лесбекова казакша олен, ұлмекен лесбекова өлеңдері, стихи на казахскомулмекен лесбекова, улмекен лесбекова олендери казакша, Күндер, Қазақша өлең: Ұлмекен Лесбекова (Күндер!) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке