Қазақша өлең: Ұлмекен Лесбекова (Не тілейсің дейсің бе?)

Қазақша өлең: Ұлмекен Лесбекова (Не тілейсің дейсің бе?) казакша Қазақша өлең: Ұлмекен Лесбекова (Не тілейсің дейсің бе?) на казахском языке


– Не тілейсің дейсің бе,
Сұрар болсам?..
– Қалауымнан қалашық
құрар болсаң...

Сұрауымды сұратпай
Беретұғын,
Қиялыма күмәнсіз
Еретұғын,

Мен жасаған образдар
Келбетінде,
Сөйлесе екен адамдар
Жер бетінде.

Сөйлесе екен әні бар
Дастандармен,
Жүзі жұмсақ сыртынан
Жасқанғанмен –
Бір падиша салса екен
Бір әуенді,
Бақыт сыйлар,
бақытсыз басталғанмен!

Ақ шаштарын тарасын
Ару қайың,
Ал мен
мұңнан мәңгілік арылайын.

Жапырақтар, шыршалар,
Шағалалар!
...Сол әуенді қайталап барады олар.

Тілейтінім, бар болса Әуен тұнық,
Сөйлер едім басқаша, Әлемді ұғып.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, ұлмекен лесбекова Не тілейсің дейсің бе өлең стихи на казахском улмекен лесбекова казакша олен, ұлмекен лесбекова өлеңдері, стихи на казахскомулмекен лесбекова, улмекен лесбекова олендери казакша, Не тілейсің дейсің бе, ұлмекен лесбекова Не тілейсің дейсің бе өлең стихи на казахском улмекен лесбекова казакша олен, ұлмекен лесбекова өлеңдері, стихи на казахскомулмекен лесбекова, улмекен лесбекова олендери казакша, Не тілейсің дейсің бе, Қазақша өлең: Ұлмекен Лесбекова (Не тілейсің дейсің бе?) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке