Қазақша өлең: Ұлмекен Лесбекова (Армандар, кейде, тым алыс)

Қазақша өлең: Ұлмекен Лесбекова (Армандар, кейде, тым алыс) казакша Қазақша өлең: Ұлмекен Лесбекова (Армандар, кейде, тым алыс) на казахском языке


Армандар, кейде, тым алыс,
Көгілдір тұман, мың елес.
Күлудің бәрі қуаныш,
Жылаудың бәрі мұң емес.

Өмірге келсе бір пенде,
Иманға бекем бұрса ой.
Адамның бәрі күлгенде,
Көзінде нұры тұрса ғой.

Жалғанда, сірә, жылайды,
Бір адам күлсе, бір адам.
Сәттерін кейде сынайды,
Күле тұрып та жылаған.

Өмір дегенде ойланбай,
Өзіме қарап ой өрем.
Сыйақы беріп қойғандай,
Желпінтіп өткен ой - өлең.

Күндізгі жиған күнәға
Түндерде тағы тәубе еттім.
Бас ұрып саған, Өмір-ай!
Өзімді-өзім әуре еттім.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, ұлмекен лесбекова Армандар өлең стихи на казахском улмекен лесбекова казакша олен, ұлмекен лесбекова өлеңдері, стихи на казахскомулмекен лесбекова, улмекен лесбекова олендери казакша, Армандар, арман туралы олен шумактары, арман туралы өлең, ұлмекен лесбекова Армандар өлең стихи на казахском улмекен лесбекова казакша олен, ұлмекен лесбекова өлеңдері, стихи на казахскомулмекен лесбекова, улмекен лесбекова олендери казакша, Армандар, арман туралы олен шумактары, арман туралы өлең, Қазақша өлең: Ұлмекен Лесбекова (Армандар, кейде, тым алыс) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке