Қазақша өлең: Бауыржан Момышұлы (Арман жар)

Қазақша өлең: Бауыржан Момышұлы (Арман жар) казакша Қазақша өлең: Бауыржан Момышұлы (Арман жар) на казахском языке


Қолаң қара шашы бар, ашаң жүзді,
Қыр мұрын, қиылған қас, қара көзді,
Толықша, сұңғақ бойлы, алма мойын,
Тиісті жауап бере майда сөзді.

Кең иық, әм кеуделі, құмырсқа бел,
Сипатты, салтанатты көргенде ел,
Ақ тамақ, оймақ ауыз, ауыр мінез,
Көз салмас көрінгенге көңілі ер.

Жырқылдақ, әсіреңкі, сылаң емес,
Ұн бетті, бояу ерін, қылаң емес,
Қылығы оларсыз-ақ жарасып тұр,
Ойыңа ой қосады берсе кеңес.

Жарасқан барлық кейпі денесіне,
Кім болмас риза туған енесіне.
Дәл соны жанға балап жар етпесең,
Күн көзі тірі жүріп көресің бе?!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, бауыржан момышұлы Арман жар өлең стихи на казахском бауыржан момышулы казакша олен, бауыржан момышұлы өлеңдері, стихи на казахском бауыржан момышулы, бауыржан момышулы олендери казакша, Арман жар, бауыржан момышұлы Арман жар өлең стихи на казахском бауыржан момышулы казакша олен, бауыржан момышұлы өлеңдері, стихи на казахском бауыржан момышулы, бауыржан момышулы олендери казакша, Арман жар, Қазақша өлең: Бауыржан Момышұлы (Арман жар) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке