Қазақша өлең: Қанипа Бұғыбаева (Түнгі ай)

Қазақша өлең: Қанипа Бұғыбаева (Түнгі ай) казакша Қазақша өлең: Қанипа Бұғыбаева (Түнгі ай) на казахском языке


Түн қабағы ұқсайды ашулы ерге,
Ару дүние дірілдер,
Баяу ағап.
Жасыл аспан ұйыған жасыл көлге,
Емізеді уыз нұр ай ағарып!..
Қара қошқыл шапшыған долы қандай,
Толқын қуар толқынды шымшып әні.
Еркін жүзіп ару ай шомылғандай,
Бұлт қойнына бір батып, бір шығады!..
Сұлулыққа маңайын елжіретіп,
Сезімдерге сиқырлы жазып жырын.
Түнгі ай, шәй шәлісін желбіретіп,
Бұлтқа сеуіп барады Нәзік нұрын!..
* * *
Жастықтың артқа тастап дүрбелеңін,
Шығады уақытпен бірге демім.
Адаммын қуанатын,
Күрсінетін,
Сырым болып барады жыр дегенің!..
Соқпақсыз жүріп, кейде сүрінгенін,
Сезімнің сондағы әлсіз дірілдерін.
Армансыз ашық жұртқа айтып бере,
Өлеңім, табиғатым, сырым менің...
Ертемен куә болып сұңғыла күн,
Құлатса төмен қарай нұр бұлағын.
Жыршысы, кең даланың бозторғайы,
Салмайды сарайдағы бұлбұл әнін...
Тілдесіп батқан күнмен, ұқсам айды,
Бір түнде бояп берер шық самайды.
Өзгеге сыртым қалай ұқсамаса,
Өзгеге ішім солай ұқсамайды!..
Ұқтырып кейде осылай уақыт күшін,
Тұрады көңлім де бір қатып мүсін.
Сол үшін, бұлбұл болмай, өз даусыңмен
Ән салып бергеніңе бақыттысың!..
* * *
Сабыр сәл!..
Көлеңкесіз нұрлы жүрек,
Ойнамай, әсерленіп гүлді жыр ет.
Құйындай тыныш ойды үйріп соғып,
Сарылып, сағынасың кімді жүдеп!..
Сабыр, сәл, көлеңкесіз нұрлы жүрек.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, қанипа бұғыбаева Түнгі ай өлең стихи на казахском канипа бугыбаева казакша олен, қанипа бұғыбаева өлеңдері, стихи на казахском канипа бугыбаева, канипа бугыбаева олендери казакша, Түнгі ай, қанипа бұғыбаева Түнгі ай өлең стихи на казахском канипа бугыбаева казакша олен, қанипа бұғыбаева өлеңдері, стихи на казахском канипа бугыбаева, канипа бугыбаева олендери казакша, Түнгі ай, Қазақша өлең: Қанипа Бұғыбаева (Түнгі ай) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке