Қазақша өлең: Қанипа Бұғыбаева (Тау жолдары)

Қазақша өлең: Қанипа Бұғыбаева (Тау жолдары) казакша Қазақша өлең: Қанипа Бұғыбаева (Тау жолдары) на казахском языке


Тау жолдары бұраң-бұраң,
Басы үміт,
Жалғасады күнге биік асылып.
Шықсаң жалғыз ертеменен сапарға,
Қарсы алдыңды тұман бүркер жасырып,
Тау жолдары бұраң-бұраң басы – үміт!
Қарсы алдыңды тұман тұрар орап ап,
Сапар шықсаң серік болып жарау ат.
Тау жолымен қиял кетер жарысып,
Көңіліңде көктеп жасыл дара бақ,
Қарсы алдыңды тұман тұрар орап ап.
Айқайласаң жартасты ұрып дауысың,
Жаңғырыққа толтырасың тау ішін.
Сақ-сақ күліп
Бұлақ құлар төменге,
Көз алдыңа елестеп бір танысың,
Айқайласаң, жартасты ұрып дауысың!
Биік таудың жолдары да биік боп,
Жанар лаулап көз ұшында сүйікті от.
Қараңғыда тоқталасың жасқанып,
Биік таудың жолдары да биік боп.
Таулар,
Таулар таусылмайтын айтады ән,
Әнге ілеспей қайтіп тыныш жәй табам.
Тау жолымен кеткен болсаң биіктеп,
Төмен түсу қиын болар қайтадан!
Таулар, таулар таусылмайтын айтады ән...
Тауға шығып астында әппақ жаңбырдың,
Жүрегімді найзағай ғып жандырдым.
Тау жолдары шым-шытырық, ұқпайсың,
Жолдарына ұқсар жұмбақ тағдырдың.
Тауға шығып таудай арман қалдырдым.
* * *
Ән көктем, ақын көктем, жасыл көктем,
Ақ бұлтың мойыныма асылды еппен.
Бәрінен қуаттырақ күнің сенің,
Жаны емес,
Туған жердің тасы да өпкен!
Көмкеріп көк біткенді нұр шықпенен,
Билейді кең даламда ұршық денең.
О, көктем! менің бала үмітімдей
Солқылдақ әрбір талың бүршіктеген!
Ән көктем, жасыл көктем, жігіт көктем,
Төгесің қызуыңды күліп көктен.
Оралтып көңілімнің жыршы құсын
Сенсің ғой аспанымды биіктеткен!
Қашады қырда сағым қалай алдап,
Күлкімен бесігінде бала оянбақ.
Сүюге соның бәрін үлгере алмай,
Қиналам,
Тұрсашы деп сәл аялдап.
* * *
Мен өзіңді артықша
Сүйгендеймін өзгеден,
Сенде бір күн болмасам,
Көрінеді бір жылдай.
Сағынғанда мен үшін,
Шынар сынды боз көдең,
Сағынғанда мен үшін,
Торғайың да бұлбұлдай.
Қайда барсам тартатын
Саған қарай – жол кеудем,
Сағынышпен сарылып,
Екі көзім төрт болып.
О, туған жер! Сен маған
Отты жүрек берген соң,
Сүйемін ғой өзіңді,
Сүйемін ғой өрт болып!..
* * *
Бауырым!
Айтып саған мақтанар ем,
Осынау өзім туған түз даланы.
Кейде осы амалым не, көп қараумен,
Өз көзім өзімнен де қызғанады.
Бетіңді сүйсе келіп аңызақ леп,
Налыма осы жақтың бораны-ай деп?
Көзіңе көрінеді жолы ұзақ боп,
Жүрмесең даламенен даладай боп!
Аңсарың асып түсіп жал-төбеден,
Аңсарың ауыл жаққа ұшады алып.
Ғажап қой бұрылмай жол тарта берген,
Жұлдызды алдыңдағы нысана ғып!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, қанипа бұғыбаева Тау жолдары өлең стихи на казахском канипа бугыбаева казакша олен, қанипа бұғыбаева өлеңдері, стихи на казахском канипа бугыбаева, канипа бугыбаева олендери казакша, Тау жолдары, қанипа бұғыбаева Тау жолдары өлең стихи на казахском канипа бугыбаева казакша олен, қанипа бұғыбаева өлеңдері, стихи на казахском канипа бугыбаева, канипа бугыбаева олендери казакша, Тау жолдары, Қазақша өлең: Қанипа Бұғыбаева (Тау жолдары) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке