Қазақша өлең: Марфуға Айтқожина (Аңсау)

Қазақша өлең: Марфуға Айтқожина (Аңсау) казакша Қазақша өлең: Марфуға Айтқожина (Аңсау) на казахском языке


Қарайсың жанарыңнан таралып мұң,
Болар ма алшақтығы аралықтың.
Көлбеген көк мұнарың көрсетер ме,
Іздерін аңсап келген балалықтың.
Көрейін Көлденеңсу,
Көксаламды,
Айыптама,
Көз жазған кеп баланды.
Төркіндеп келген қызың мен болармын,
Алыста жүріп білген тек бағанды.
Өзіндей өзгеше жер табамын ба,
Гүлдерің майысады сабағында.
Соған да риза болып аттанар ем,
Шыңың тұрғай,
Жүрсем де табанында...
Суық қой, болмас, сірә,
Таста сезім,
Табанға көзің қиып баспас едің.
Көңілім сергіп кетті,
Көріп сені,
Мейлі, қайда болса басташы өзің!
Қыран жүр қияныңда батыл шарлап,
Биікте жүріп кімге ақыл салмақ.
Ал менің мынау нәзік жүрегімде —
Жартасыңа барабар жатыр салмақ.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, марфуға айтқожина Аңсау өлең стихи на казахском марфуга айтхожина казакша олен, марфуға айтқожина өлеңдері, стихи на казахском марфуга айтхожина, марфуга айтхожина олендери казакша, марфуға айтқожина Аңсау өлең стихи на казахском марфуга айтхожина казакша олен, марфуға айтқожина өлеңдері, стихи на казахском марфуга айтхожина, марфуга айтхожина олендери казакша, Қазақша өлең: Марфуға Айтқожина (Аңсау) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке