Қазақша өлең: Марфуға Айтқожина (Талқымен дидарласу)

Қазақша өлең: Марфуға Айтқожина (Талқымен дидарласу) казакша Қазақша өлең: Марфуға Айтқожина (Талқымен дидарласу) на казахском языке


Тартса да қаншама көп халқы қайғы,
Сыр шертпей отыра алмас Талқы жайлы.
Талқыны ауызға алмай,
Ей, халайық!
Менің де ойым биік шалқымайды.
Айналып түссе дағы аспан жерге,
Үмітім онсыз менің баспайды өрге.
Күрсінбей,
Күні өтпеген балан едім,
Байланған көкірегі жастай шерге.
Тербетіп тереңімді сонша тұнық,
Сол шерім жатыр бүгін тарқатылып.
Көрейін мен де өзімше ақтарылып,
Әсеттей жатпасам да ән шақырып.
Көрейін мен де өзімше ширатылып,
Жүрегі құштар жан ем жырға тұнық
Жүйрік қой желген аттай уақыт деген,
Жүргенді көтермейтін ырғатылып.
Ақын ем ағытылған,
Еркін үнді,
Көрейін уақыт, сенің серпініңді.
 Тілеп тұр,
Күй — көкірек,
Күмбір қағып,
Армансыз осы бір сәт шертілуді.
Талқыны кетермін мен аттап қалай,
Жартасы жатыр сырды жастап талай.
Бәрін де бір басыңнан өткізсең де,
Тұрсың-ау, аласармай, асқақтамай!
Тұтасқан сабыр толы,
Тұлға қандай!
Тынбаспын мен де өзіңді тыңдап алмай.
Сарықпай сабырыңды қалай тұрсын,
Елгезек бұлттар қолын бұлғағандай.
Жетіп ем, сапарымды жылдамдатып,
Тағынып омырауға жырдан жақұт.
Тілдескен аспанменен,
Тәңіртауым,
Өзіңсің басымдағы тұрған бақыт!
Көрінбей көзге талай заңғарсымақ,
Келеді ғой төзімімді таңдар сынап.
Отыз жыл жылу беріп,
Жыр жаздырған,
Өзіңсің көкіректе жанған шырақ.
Сәл мұрсат берсе, шіркін, уақыт маған,
Туған жер!
Дәм-тұзыңды татып бағам.
Қойныңнан қойтас құрлы орын алсам,
Болар ма,
Менен асқан бақытты адам!..




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, марфуға айтқожина Талқымен дидарласу өлең стихи на казахском марфуга айтхожина казакша олен, марфуға айтқожина өлеңдері, стихи на казахском марфуга айтхожина, марфуга айтхожина олендери казакша, марфуға айтқожина Талқымен дидарласу өлең стихи на казахском марфуга айтхожина казакша олен, марфуға айтқожина өлеңдері, стихи на казахском марфуга айтхожина, марфуга айтхожина олендери казакша, Қазақша өлең: Марфуға Айтқожина (Талқымен дидарласу) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке