Қазақша өлең: Мұқағали Сейтқазы (Жастық жыр)

Қазақша өлең: Мұқағали Сейтқазы (Жастық жыр) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Сейтқазы (Жастық жыр) на казахском языке

Жалғызсырап жастығымның көктемі,
Мен – Тағдырға,
Тағдыр маған өкпелі.
Жорға сынды шаң шығарған ізінен,
Қорғасынның қырда қалды көк белі.

Қорғасынның қырда қалды көк белі,
Мен қалада жүрмін қазір өйткені.
Гүлге құмар ғашық болдым бір қызға,
Күнге құмар жігіт едім көктегі.

Күнге құмар жігіт едім көктегі,
Алды-жұмбақ, ал жаңылтпаш-өткені.
Ағытам көп шабытымның тиегін,
Танытам деп қасиетті тектегі.

Танытам деп қасиетті тектегі,
Арзан ойды ақыл талай шектеді.
Адам мынау түлкіден де қуланған,
Заман мынау аумалы да төкпелі.

Заман мынау аумалы да төкпелі,
Арды-дағы жоғалтқанбыз беттегі.
Келем дара өз жолыммен бұйырған,
Өлең ғана түсінеді тек мені...




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали сейтқазы Жастық жыр өлең стихи на казахском мукагали сейтказы казакша олен, мұқағали сейтқазы өлеңдері, мукагали сейтказы стихи на казахском, мукагали сейтказы олендери казакша, стихи стихотворения мукагали сейтказы на казахском языке, мұқағали сейтқазы Жастық жыр өлең стихи на казахском мукагали сейтказы казакша олен, мұқағали сейтқазы өлеңдері, мукагали сейтказы стихи на казахском, мукагали сейтказы олендери казакша, стихи стихотворения мукагали сейтказы на казахском языке, Қазақша өлең: Мұқағали Сейтқазы (Жастық жыр) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке