DataLife Engine / "Сұлтан Сүлеймен" сериалын көрсетуге тыйым салынды

"Сұлтан Сүлеймен" сериалын көрсетуге тыйым салынды

Тәжік елінде әйгілі "Сұлтан Сүлеймен" атты түрік сериалын көрсетуге тыйым салынды. Оған себеп, фильмде зорлық-зомбылықты насихаттайтын эпизодтардың кездесуі деп хабарлайды

Тәжікстан билігі осындай іспеттес көріністер көрерменнің психикасын бұзып, олардың санасының дұрыс қалыптасуына кедергі келтіреді.

Нақты қай эпизод олардың көңіліне жақпағаны туралы айтылмаған. Бұған дейін де сериалды эфирден алып тастау туралы мәселе бірнеше мәрте көтерілген болатын.

Естеріңізде болса, бұл "Сұлтан Сүлейменге" қатысты бірінші дау емес. Түсірілім алаңынан бас кейіпкерді сомдаған актриса Мерьем Узерли кеткен соң көрермендер оны алмастырған Роксолананы қабылдамаған еді.

Артынан белгілі болғандай, Хюрремді сомдаған актриса туындыдан жалақыға наразы болғандықтан кеткен жоқ. Отаны - Германияға қоныс аударған Узерли ана болуға дайындалып жүр.
28.08.2013
Вернуться назад