DataLife Engine / Парламент Сенатының депутаттары тағайындалды

Парламент Сенатының депутаттары тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттары тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы жарық көрді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып: Әйтімова Бірғаным Сарықызы, Бейсенбаев Асқар Асанұлы, Громов Сергей Николаевич, Қиынов Ләззат Кетебайұлы, Ким Георгий Владимирович, Қосдәулетов Дулат Рашитұлы, Нөгербеков Серік Нөгербекұлы, Оразалин Нұрлан Мірқасымұлы тағайындалды.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
27.08.2013
Вернуться назад