DataLife Engine / Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді

Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді


Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлімдеді.


«Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Оған қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке (553 800 теңгеге) дейін төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады. Сондай-ақ кәсіпкерлердің шығындары өтеледі.


Азаматтарға айтатыным, сабырлық сақтаныңыздар. Ешкім де көмексіз қалмайды. Бұл мәселелердің барлығы Президенттің және менің жеке бақылауымда», - деді премьер-министр.


Айтуынша, қазірдің өзінде 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК көлемінде төлем алған.

23.04.2024
Вернуться назад