DataLife Engine / Алматыда жол полициясына жарамсыз мотоциклдер берілген

Алматыда жол полициясына жарамсыз мотоциклдер берілген

Жол полицияларына берілген мотоциклдердің үштен бірі жарамсыз. Тәртіп сақшыларына Yamaha және BMW маркалы 34 мотоцикл бөлінген.

Олардың 8-і қайта жасалса, 16 мотоцикл тек кортеждерді алып жүруге арналған. Қалған 10 қос дөңгелекті көлік жүруге жарамсыз. Мотоциклдердің қолданысқа берілгеніне көп болмапты.

Десе де, көліктердің техникалары қайта жөндеуге келмейтін дәрежеге жеткен. ІІД өкілдері бұл істі мотоциклге арналған саймандардың шығарылмауымен түсіндіреді.

Ал, қолданыстағы қалған 8 мотоцикл қала ішіндегі көлік тығынын азайту үшін жұмыс істеуде.
17.08.2013
Вернуться назад