DataLife Engine / Қайрат Нұртастың жаңа әні үнді фильмінен ұрланған (видео)

Қайрат Нұртастың жаңа әні үнді фильмінен ұрланған (видео)

Жақында ғана көпшілікке ұсынылған Қайрат Нұртастың "Жаным-жаным" деп аталатын жаңа әні үнді фильмінің саундтрегі болып шықты.



"Ғашықтар" деп аталатын фильмге саундтрек ретінде таңдалған әнді түпнұсқасында Ариджит Сингх орындайды.



Ал тыңдармандар Қайраттың орындауындағы әннің ұтымды шыққанын жарыса жазуда.

"Əн кімдікі болса да, Қайрат Нұртас керемет орындапты", - дейді Жанар есімді қолданушы.

"Қайрат өзі "Шахрух Кхан менің сүйікті актерім" деп айтады, бұл әнді әрі кумир ретінде орындап айтып жатыр, Үндістанның нағыз романтикаға толы әнін біздің жүрегімізге жеткізе білді қазақ тілінде! Рахмет Қайратқа", - деп жазды әнді ұйып тыңдаған жанкүйерлер.

Дереккөз
04.04.2016
Вернуться назад