DataLife Engine / Бойжеткенді кафеге шақырған жігіт тамақ ақысын төлемей қашып кетті

Бойжеткенді кафеге шақырған жігіт тамақ ақысын төлемей қашып кетті

Қырғызстанда жігіт бойжеткенді кафеге тамақтануға шақырып, 10 мың сом (45 мың теңге) тамақ ақысын төлеместен қашып кеткен. Бұл туралы Бішкек ҚІІБ-ның баспасөз хатшысы хабарлады деп жазады Stan.kz.

Полицияға шағымданған бойжеткен Азамат деген жігіттің Горький мен Радишев көшелерінің қиылысындағы кафелердің біріне тамақтануға шақырғанын, сағат 23:00 шамасында тамақтанып алып, ақысын төлемей қашып кеткені жайлы айтқан.

Полиция қыздың шағымынан кейін аз уақыт өтісімен Бішкек тұрғыны Э. Азамат есімді жігітті ұстаған. Қазір істің мән-жайы тексеріліп жатыр.

ФОТО: SKAZOCHKACHATS.RU, дереккөз
02.03.2016
Вернуться назад