DataLife Engine / Танымал бапкер: Головкинді өткен жылдың үздік боксшысы деп санаймын

Танымал бапкер: Головкинді өткен жылдың үздік боксшысы деп санаймын

Танымал жаттықтырушы Фредди Роуч Fighthype.com-ға берген сұхбатында өткен 2015 жылдың үздік боксшысы деп кімді санайтынын атады.

Бұл туралы GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми тобында хабарланды деп жазады Қазақпарат.

Жылдың үздік боксшысы кім? Жұрттың пікірінше, Тайсон Фьюри, Флойд Мейвезер деген сауалға ол:

"Тайсон Фьюри? Ол кәрі Кличконы ұрып тастады. Иә, Фьюри жеңді және оған лайықты баға беріп отырмын, бірақ мен оны жылдың үздік боксшысы деп ойламаймын", - деген Роуч өзіне Головкиннің қатты ұнайтынын жеткізген.

"Маған Головкин қатты ұнайды. Ол өте жақсы және ақылды боксшы, ол рингте орынды жақсы ауыстыра біледі, өз-өзін ұстай алады. Мен оның Канеломен жекпе-жегін көргім келеді. Мен оны (жылдың үздік боксшысы атағына) таңдаймын, ол маған ұнайды, меніңше, ол жылды табысты өткізген", - деп сөзін түйді бапкер.

дереккөзі, ФОТО: AMSTERDAMBOXING.RU
25.02.2016
Вернуться назад