DataLife Engine / Кәмшат Жолдыбаева эфирде жүргізушінің бетінен шапалақпен тартып жіберді (видео)

Кәмшат Жолдыбаева эфирде жүргізушінің бетінен шапалақпен тартып жіберді (видео)

Танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева "Түнгі студия" бағдарламасына қонаққа келіп, тележүргізуші Дәулет Бижановтың бетінен шапалақпен тартып жіберді.

Кәмшат көпшіліктің көзайымына айналған "Тракторшының махаббаты" хикаясынан үзінді ойнады. Сол сәтте Жәнібектің рөліндегі тележүргізушінің бетінен еріксіз тартып жіберген әнші, кейіннен әрекетінен сәл қымсынғандай кейіп танытып, Дәулеттің бетінен сүйіп қойды.

Көрермендердің көңілін көтеру үшін осы бір эпизодты қайталауын бағдарламаның жүргізушісі Нұрлан Қоянбаевтың өзі сұраған болатын.

[media=https://www.youtube.com/watch?v=Xh_ALuS7Mb8]


дереккөз
25.02.2016
Вернуться назад