DataLife Engine / Алматыда Maxima ойын-сауық сауда орталығы қоршауға алынды (видео)

Алматыда Maxima ойын-сауық сауда орталығы қоршауға алынды (видео)

Алматыда Райымбек батыр көшесінің бойында орналасқан Maxima ойын-сауық сауда орталығы қоршауға алынды. Оқиға орнындағы жағдайды Роман Самарский есімді ғаламтор қолданушысы YouTube желісіне жүктеген.



Райымбек батыр көшесінің бойымен өткен куәгерлердің айтуынша, орталықтың ішіндегі халық сыртқа шығарылып, қауіпсіз жерге көшірілген.

Өрт сөндіру қызметі мен полиция нөпірі жиналған орталықта қандай жағдай орын алғаны әзірге белгісіз. NUR.KZ оқиға желісін жіті бақылауда.

дереккөзі
06.02.2016
Вернуться назад