DataLife Engine / Қайрат Нұртастың анасы арбаға таңылған бүлдіршіннің тұсауын кесті (фото)

Қайрат Нұртастың анасы арбаға таңылған бүлдіршіннің тұсауын кесті (фото)

Гүлзира Айдарбекова 4 жастағы арбаға таңылған Даяна есімді бүлдіршіннің алғаш рет қадам басқанына куә болды. Ол емхананың бас дәрігері мен ата-анасының өтініші бойынша Даянаның тұсауын кесті.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Жамбыл мен Мұратбаев көшелерінің қиылысында “Мақсат” клиникасында арбаға таңылған Даяна есімді 4 жастағы қыз емделіп, бірінші рет қадам басты. Емхананың бас дарігері және ата-анасының өтініші бойынша тұсауын өзім кесіп, балапанға қуаныш сыйлай алғаныма шексіз қуандым. Осы емханадан арбасын тастап, өмірге қадам басқан 76-шы балапан екен. Не деген куаныш десеңші, сол жердегі қуанышқа толы сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бүгін емханаға тағы бардым, қолыңыз жеңіл екен, жақсы жүріп кетті деп медбикелер қуанып жатыр”, – дейді Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында.

Қайраттың анасы Даянаның ата-анасына сыйға апарған сырт киімдерінің де оларға құйып қойғандай шақ келгенін, Даянаға ұл бала екен деп ойыншық көлік апарғанын айтады.

Гүлзира Айдарбекова барлық бүлдіршіндер тезірек жүріп кетуіне тілектестік білдірген.
31.01.2016
Вернуться назад