DataLife Engine / Жанар Дұғалова мәжіліс депутаттарының сайлауына түспек

Жанар Дұғалова мәжіліс депутаттарының сайлауына түспек

Танымал продюсер Баян Есентаева сайлауға түсетін үміткерлердің тізімінде әртістердің болатынын естігенде, таңданысын жасырмады. "Нұр Отан" партиясы хатшысының мәлімдемесі продюсерді есеңгіретіп қойды.

"Нұр Отан" партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов журналистерге берген жауабында спорт және өнер өкілдерінің сайлауға түсетін үміткерлердің тізіміне енуі мүмкін екенін айта кетті.

Партия хатшысы танымал тұлғалардың есімін де атап өтті. Олардың ішінде Қайрат Нұртас, Илья Ильин, Жанар Дұғалова, Серік Сәпиев бар.

Алайда мұны естіген Баян Есентаева мәлімдемеге қатысты пікірін Instagram парақшасында жазды.

"Бәрін түсінем, бірақ депутаттық тізімге әртістерді қосу деген басыма сыймайды. Әншілер қандай мәселені ұсына алады. Көпке топырақ шашпайын, бірақ Жанар Дұғалова түк бітірген жоқ, қалай ғана жас әнші заң жобаларымен айналыспақ? Танымалдылық деген бір бөлек, саясат деген бір бөлек. Не болса да, сәттілік тілеймін. Нағыз дарын иесі барлық жағынан қабілетті шығар. Бәлкім ол саясатқа да керек шығар", - деді Есентаева жеке микроблогында.

дереккөзі, фото
29.01.2016
Вернуться назад