DataLife Engine / Геннадий Головкин: Қазақстанда естен кетпестей үлкен шоу өткіземіз (фото)

Геннадий Головкин: Қазақстанда естен кетпестей үлкен шоу өткіземіз (фото)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин «Цеснабанктің» шақыруымен Астанаға келді хабарлайды BNews.kz.

Отандасымыз Қазақстанда жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлім етті.

«Астанада жекпе-жек өткізгенімді қаласаңыздар, ол да болады. Жекпе-жек емес, тіпті, кәсіби шоу ұйымдастыруға бармын. Кәсіпқой бокстың не екенін көрсетуге дайынмын. Қазақстанда ұзақ уақыт бойы еске алып жүретіндей үлкен шоу өткіземіз», - дейді Головкин.
Геннадий Головкин: Қазақстанда естен кетпестей үлкен шоу өткіземіз (фото)


Сонымен қатар, ол Қарағанды облысында туристік кешен салып жатқаны жайлы ақпараттың жалған екенін де айтты.



«Мұндай дақпыртты кімнің таратқанын білмеймін. Ешқандай туристік кешен салып жатқаным жоқ. Мұны әкімдік айтқан болса, солардан барып сұраңыздар», - дейді боксшы.

дереккөзі
28.01.2016
Вернуться назад